2020 жылдың үздік кәсіпкері анықталды
"49 жастағы Маск Силикон алқабындағы электромобиль шығаратын шағын компанияны әлемдегі жетекші автомобиль өндірушілердің біріне айналдыра алды. Оның SpaceX аэроғарыш компаниясы 2011 жылдан бері алғаш рет АҚШ астронавтарын орбитаға қайта шығарды" делінген хабарламада.
Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?
Маск кәсіпкер ретінде биыл автомобиль, аэроғарыш және технология нарығына найтарлықтай өзгеріс енгізе алды. Тесланың S&P 500 құрамына енуі Маскты әлемдегі екінші бай адамға айналдырады
Бұл рейтингтегі алғашқы бестікке Масктан бөлек AMD процессор өндірушісі Лиза Су, Nvidia бас директоры Дженсен Хуаң, Netflix компаниясының бас директоры Рид Хастиңс және Fortescue Metals Group бас директоры Элизабет Гейнс енген.
Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Айта кетейік, Илон Маск 2020 жылы 100 миллиард долларға жуық табыс тапты. Биыл қаңтар айында әлемдегі дәулеттілер арасындағы тізімде 35-орында тұрған еді. Қараша айында 2-орынға көтерілді. Сөйтіп, ол "Microsoft" корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстен де асып кетті. Ал бірінші орында 182 миллиард доллар табыспен "Amazon" компаниясының басшысы Джефф Безос тұр. Әлемдегі ең бай адамдар тізіміне енген кәсіпкерлердің ешқайсы Илон Маск секілді өз капиталын аз уақытта көбейтпеген.