Қытай ғарышқа зымыран ұшырды

Ол елдің солтүстігіндегі Цзюцзюань айлағынан ұшырылған. Ұшу уақыты 6 жарым сағатқа созылмақ.
Экипаж орбитада жарты жыл болып, келер жылдың сәуірінде жерге оралуға тиіс. Осы уақыт аралығында олар ғарыштағы қоқыс зақымдаған күн батареяларын қалпына келтірумен айналысады.
Ал осыған дейін ғарыш станциясына жіберілген "Шэньчжоу-16" ғарыш кемесі 31 қазанда жерге қонады.