ХАМАС тұтқындардың үшінші тобын босатты

Осы сипаттағы әрекет қос тараптың уақытша жасалған келісімінің арқасында мүмкін болып отыр.
«Гуманитарлық бітім аясында және алмасудың үшінші кезеңінде біз 13 израильдік, 3 таиландтық және 1 ресейлік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырдық», делінген ХАМАС-тың мәлімдемесінде.
Кейіннен ХАМАС тағы 13 израильдік тұтқынды еркіне жіберсе, оған жауап ретінде Израиль 39 палестиналық тұтқын мен таиландтық төрт азаматты босатты.