Каспий теңізінің Әзербайжандағы бөлігінде жер сілкінді
АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Каспий теңізінде жер сілкінгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
28 желтоқсан күні Каспий теңізінің Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде 16 шақырым тереңдікте жер сілкінісі болды.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де магнитудасы 3,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Фото: el.kz