Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада ірі жер сілкінісі тіркелді

Мексикада ірі жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 19 сәуірде Мексиканың оңтүстігінде магнитудасы 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы жергілікті сейсмологиялық қызметтің Twitter парақшасында хабарланды.

Жерасты дүмпулері сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:55-те тіркелген.

Апат ошағы Герреро штатындағы Текпан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 шақырым жерде орналасқан. Ошақ он шақырым тереңдікте болған.
19 сәуір 2023 ж. 238 0