Оңтүстік Корея ғарыш агенттігін ашады
Оңтүстік Кореяның Ғылым министірлігі мамыр айында аэроғарыш басқармасын құруға ниетті екенін мәлімдеді. Kazinform бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Осы аптада Ұлттық жиналыс бірқатар заң жобасын қабылдады, олардың арасында Корея аэроғарыш басқармасын (KASA) іске қосуға қатысты заң жобасы да бар.
KASA Оңтүстік Кореяға «аэроғарыш саласына көмектесе отырып, өсімнің жаңа қозғалтқышын табуға көмектеседі», - деп мәлімдеді елдің Ғылым министрі Ли Чжон Хо.
Ол сондай-ақ KASA-ны құру 2032 жылы Айға ғарыш кемесін ұшыру және 2045 жылы Марсты зерттеуде «үлкен қадам» екенін айтты.
KASA елдің ғарыштық бағдарламаларын, сондай-ақ аэронавтика және ғарышты зерттеу, соның ішінде Ай мен Марсты зерттеу жобаларын басқаруға жауапты болады.
Фото: kaz.inform.kz