Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір апта бойы ас-сусыз қалған: Үш жасар қыздың өлімі жаға ұстатты

Бір апта бойы ас-сусыз қалған: Үш жасар қыздың өлімі жаға ұстатты

Жантүршігерлік оқиға Ресейдің Киров қаласында болған. Қыздың анасы баланы үйде жалғыз қалдырып, бір аптаға құрбысына қонаққа кеткен21 жастағы келіншек үш жасар сәбиін пәтерде жалғыз қалдырып кетіп қалған. Бір апта бойы нәр татпаған қыз 20 ақпан күні өлі табылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Үш жасар қыздың денесін туған күнімен құттықтап келген әжесі тауып алған. Сот-медициналық сараптама сәбидің бір апта бойы нәр татпағаннан көз жұмғанын анықтады.Белгілі болғандай, 21 жастағы келіншек қызын үйде жалғыз қалдырып, құрбысына қонаққа кетіп қалған. 13-23 ақпан аралығында үйде болмағанын әйелдің өзі де мойындады.
"Көзіне тіпті жас алған жоқ, өкінгені көрінбейді. "Иә, кетіп қалдым, суды өшіріп, баланы ас-сусыз қалдырдым. Бірнеше күн бойы үйде болған жоқпын", деп салқынқанды жауап берді", - дейді Киров облысы бойынша РФ ТК тергеу басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Қазір баланың өліміне себеп болған жас ана қамауға алынды. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол тіпті өмір бойына бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.
23 ақпан 2019 ж. 1 089 0