Таразда екі жасар сәби терезеден құлап кетті
12 мамыр күні Таразда сағат шамамен 11.00 кезінде тағы бір қайғылы жағдай болды. Екі қабатты үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылы туған кішкентай қыз байқаусызда терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.Қазіргі уақытта сәби ауруханада жатыр.
Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары балалардың терезеге әртүрлі жиһаз түрлерін қолдана отырып шығып алатынын, сондай-ақ терезедегі москитті тормен қоса құлап кететінін айтты.
Сондай-ақ, мұндай жағдайдың көбі ата-ана мен туған-туыстың немқұрайлығы салдарынан болады. Кейде үйге баланы жалғыз қалдырып кеткенде терезені жабуды, жиһазды терезенің маңайынан алып тастауды ұмытып кетеміз.
«Құрметті ата-аналар, балаңызды үйде жалғыз қалдырмай, өзіңізбен бірге алып кету әлдеқайда қауіпсіз әрі дұрыс шешім. Тым болмағанда үйде балаңызбен бірге туысыңыз немесе танысыңызды қалдырып, қайғылы жағдайды болдырмаудың амалын жасаңыз», - дейді ТЖК маманы. Baq.kz










