Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде covid-19 ауруы бір апта ішінде 12,6 пайызға өсті

Ресейде covid-19 ауруы бір апта ішінде 12,6 пайызға өсті

Соңғы аптада Ресейде коронавирустық инфекциямен сырқаттану 12,6% өсті, деп хабарлайды Риа Новости сайты.

"Өткен аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 18,5-ті құрады және өткен аптамен салыстырғанда 12,6% өсті. Сырқаттану көрсеткішінің өсуі Ресей Федерациясының 62 субъектісінде байқалды, оның ішінде 18 өңірде ел бойынша орташа көрсеткіштен тым көп", - делінген хабарламада.

Бір аптада коронавирустық инфекциямен ауырған 39 743 адам сауығып кетті, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3%-ға аз. 8-14 қаңтар аралығында бір аптада 150 адам қайтыс болды.

Ресей Федерациясында коронавируспен ауыратын 3 746 адам ауруханаға жатқызылды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 21,4%-ға өсті. Ауруханаға жатқызу санының артуы Ресейдің 54 субъектісінде болды, оның ішінде 25 өңірде ел бойынша орташа көрсеткіштен көп өсім байқалды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz

Фото: kaz.inform.kz
17 қаңтар 2024 ж. 556 0