Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде күрделі ота жасады

Дәрігерлердің үрейге бой алдырмай операцияны жалғастырған сәті бөлмедегі бейнебақылау камерасына түскен. Аурухананы тербеген дүмпу кезінде жасалған күрделі ота сәтті аяқталып, науқастың беті бері қараған.
Айта кетейік, Қытай территориясында бүгінге дейін оқтын-оқтын жер сілкінісі болып жатыр. Ал 7 балдық жер сілкінісінен 5 адам жарақат алып, 3 адам көз жұмған.
Фото: ашық дереккөз