Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz CCTV телеарнасына сілтеме жасап.

CCTV телеарнасының хабарлауынша, 9 тамызда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қызылсу облысы Артуш қаласында 4,8 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзала 15 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 40,09 градусында және шығыс бойлықтың 75,95 градусында болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алайда, оқиғаға байланысты кейбір пойыздар қозғалысын тоқтатты. Жергілікті теміржол көлігі басқармасы тексеру жүргізуде.

egemen.kz
10 тамыз 2021 ж. 519 0