Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Shanghai Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ганьсу мен Цинхай провинцияларында дүйсенбіде түн ортасында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 131-ге жеткен. "Ганьсуда барлығы 113 адам, Цинхайда 18 адам қаза тауып, 700 жүзден астам адам жарақат алды", - деп жазады басылым.
Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі провинциялық штабтың мәліметі бойынша, сейсенбі, 19 желтоқсан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, жер сілкінісі салдарынан Ганьсудағы 155 393 үйге зақым келген.
Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі болған аймаққа жақын маңдағы орталық кәсіпорындардан 736-дан астам құтқарушы, сондай-ақ 2042 өрт сөндіруші жіберілген. Еске сала кетейік, 18 желтоқсаннан 19 желтоқсанға қараған түні Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Ганьсу және Цинхай провинцияларында 111 адам қаза тапқан болатын.
Кейін жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 118-ге артқанын хабарлаған едік. Жергілікті билік 4700-ден астам үй қирап қалғанын мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Фото; kaz.nur.kz
20 желтоқсан 2023 ж. 686 0