Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядаға жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Түркиядаға жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Түркияда ақпан айында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркия парламентінде сөйлеген сөзінде Табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер айтты.

"6 ақпандағы жер сілкінісінен 50 96 адам қаза тапты, 107 204 адам жарақат алды”, – деп хабарлады Сезер.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен келген шығын шамамен 104 миллиард долларға жеткенін, зардап шеккен 11 провинциядағы жарамсыз ғимараттар саны 298 мыңға жеткенін айтты.

Түркия басшысы Еуропалық Одақ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың жер сілкінісінің салдарын жоюға қосқан үлесін атап өтті.

"Ешбір ел мұндай апатты жалғыз өзі жеңе алмайды. Біз инфрақұрылымды, жұмыс орындарын, тарихи және мәдени құндылықтарды қалпына келтіреміз, жер сілкінісінен қираған барлық қалаларды қайта тірілтеміз", - деп уәде берді Ердоған.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарас провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі тоғыз сағаттық үзіліспен болды. Жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Түркия билігі жер сілкінісін "ғасыр апаты" деп атады.
21 наурыз 2023 ж. 660 0