Қытайда жойқын жер сілкінісінен 111 адам мерт болды

Жер сілкінісі Ганьсу провинциясында түн ортасында болған. Салдары көрші Цинхай провинциясында да үйлер мен инфрақұрылымға зақым келтірді.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясында 100 адам қаза тауып, 96 адам жараланған. Цинхай провинциясында тағы 11 адам қаза тауып, 124 адам жараланған.
Апат аймағына барлығы 1,5 мыңға жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы жіберілді. Өңірдің кейбір аудандарында энергия мен су беру үзілді.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге бар күш-жігерді салу керек", – деді Си Цзиньпин.
Қытай бірнеше тектоникалық плиталар, атап айтқанда Еуразия, Үнді және Тынық мұхиты плиталары түйісетін жер сілкінісіне бейім аймақта орналасқан.
Өткен қыркүйекте елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6,6 балдық жер сілкінісі болып, 60-тан астам адам қаза тапты
Фото: stan.kz.