Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кахраманмарашта тағы жер сілкінді

Кахраманмарашта тағы жер сілкінді

Түркияның Кахраманмараш провинциясында 4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы turkystan.kz Анадолы-ға сілтеме жасап хабарлады.Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 17:57-де (Астана уақытымен 20:57) тіркелген. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасының мәліметі (AFAD) бойынша, жер сілкінісің ошағы Гёксун ауданында орналасқан.

Жерасты дүмпуі 11,56 шақырым тереңдікте болғаны анықталып отыр.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдық жойқын жер сілкінісі болған еді.

syrboyi.kz
12 мамыр 2023 ж. 328 0