Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » НАТО штаб-пәтерінде Швецияның туын көтеру рәсімі өтеді

НАТО штаб-пәтерінде Швецияның туын көтеру рәсімі өтеді

Бүгін Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) штаб-пәтерінде Швеция Корольдігінің одаққа кіруіне арналған жалауды көтеру рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Осы жылдың 7 наурызында Швеция Америка Құрама Штаттарының үкіметіне Солтүстік Атлантикалық келісімге қосылу туралы ресми құжаттарды тапсырғаннан кейін НАТО-ның жаңа мүшесі болды. Швециямен бірге НАТО-ға қазір 32 ел мүше.

Швеция туын көтеру рәсімі НАТО ғимаратында түскі сағат 12-де басталады.

Фото: kaz.inform.kz

11 наурыз 2024 ж. 319 0