Түркия жағалауында 22 мигрант суға батып кетті

24.kz-тің жазуы бойынша, арасында балалар бар. 4 жолаушы құтқарылды. Қайыққа мінгендер Таяу Шығыс пен Азия елдерінен шыққан мигранттар болуы мүмкін. Себебі осы аймақтардан қашқан босқындар Түркия арқылы көрші Грекияға өтуге тырысады.
Айта кетейік, биылдың өзінде түрік жағалауынан Эллада еліне 8 мың адам заңсыз барған.
Фото: 24.kz