Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда туристік қайық суға батып кетті

Италияда туристік қайық суға батып кетті

Италияның солтүстігінде 20-дан астам жолаушысы бар туристік қайық суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Қайықта 25 адам болған. Сесто Календе мен Арона қалаларының арасында соққан қатты желдің салдарынан қайық суға батып, борттағы барлық адам суға батып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, кемінде екі адам қайтыс болып, тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына тікұшақтар мен санитарлық авиация қызметкерлері жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Италияның оңтүстігіндегі жағалауда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 58 адам көз жұмған еді.
29 мамыр 2023 ж. 579 0