Қайық суға кетіп, екі адам өмірімен қоштасты
Түркияның Измир қаласындағы Урла аймағының жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, жиырма төрт адам дер кезінде құтқарылған.
«Жағалау күзеті командаларының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде екі заңсыз мигранттың денесі табылды және жиырма төрт адам құтқарылды. Олар өз қаражаттары есебінен жағаға шығарылды», деп жазды ria.ru сайты.
Құтқару операциясына ұшақ, тікұшақ, екі катер және жағалау күзетінің сүңгуір тобы жұмылдырылған.