Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада каналға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Қызылордада каналға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында каналға суға батып кеткен 31 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға кеше, 8 шілдеде сағат 12.30 шамасында болды. Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылындағы оңтүстік коллектор каналында 1990 жылғы азамат рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайдлар департаменті жедел құтқару жасағынан 5 маман 1 техника және 1 жүзу қайығымен барды. Сол аумақта іздеу шаралары жүргізілді. Алғашқы күнгі іздеу нәтижесін берген жоқ. Жұмыстар бүгін де жалғасып, мәйіті сағат 7.00 шамасында суға түскен жерінен 200 метр қашықтықтан табылды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 36 адам суға кетіп көз жұмды. Оның ішінде жиырмасы – бала.

kyzylorda-news.kz
09 шілде 2021 ж. 346 0