Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорғанда суға батып кеткен қыздың денесі табылды

Жаңақорғанда суға батып кеткен қыздың денесі табылды

Жаңақорған ауданында каналға суға батып кеткен 13 жастағы қыздың денесі бір күннен кейін табылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Оқиға 27 маусым күні сағат 14-12 шамасында ауданға қарасты Көктөбе ауылы аумағындағы Келінтөбе каналында орын алған. Шымкент қаласының 1988 жылғы ер азамат пен 2008 жылғы қыз бала суға батып кеткен .
Жексенбі күні облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жасағының мамандары олардың денесін іздестіруге кірісті. Алғашқы күнгі іздестіру өз нәтижесін берген жоқ. Іздестіру жұмыстары 28 маусымда таңғы сағат 6.00-ден бастап қайта жалғасты.
«Түскі сағат 13.04-те Қандөз ауылында көпірге 50 метр жетпей 13 жастағы қыз баланың денесі табылды. Ол шамамен оқиға орнынан 12 шақырымдай қашықта. Ал 33 жастағы ер адамның денесін іздестіру жалғасуда», – деленген хабарламада. етті


kyzylorda-news.kz​​​
29 маусым 2021 ж. 522 0