Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариядан 47 жастағы азаматтың денесі табылды

Сырдариядан 47 жастағы азаматтың денесі табылды

Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ «Ягодка» саяжайына іздестіру жүргізілді. Сол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-да оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды», деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды.

egemen.kz
17 маусым 2021 ж. 408 0