Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕО Палестинаның жаңа премьер-министрінің тағайындалуына байланысты мәлімдеме жасады

ЕО Палестинаның жаңа премьер-министрінің тағайындалуына байланысты мәлімдеме жасады

Жұма күні Еуропалық сыртқы әрекет қызметі Мохамед Мұстафаны Палестинаның жаңа премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтаған мәлімдеме жасады.

    «Палестина халқы үшін орасан зор қасірет әкелген осынау қиын сәтте М.Мұстафаға сәттілік тілеймін. Палестина халқы қазір жақсы басқаратын институттарға мұқтаж», - делінген ЕСӘҚ мәлімдемесінде.

Еуропалық Одақ сонымен қатар Палестинаның жаңа Үкіметімен ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде Газадағы жағдайды шешуге және демократиялық институттар мен басқаруды нығайтуға бағытталған реформалармен жұмыс істеуге үміт білдіреді.

    «Палестина билігі ЕО-ның, соның ішінде Газаның болашағы үшін маңызды серіктесі болды және болып қала береді. ЕО сыртқы саясат қызметі екі мемлекетті келіссөздер арқылы Палестина мемлекетін құруды ілгерілету мақсатында Палестина билігі мен оның халқына негізгі донор болып қала береді», - делінген мәлімдемеде.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 


16 наурыз 2024 ж. 422 0