Венгрия ғалымдары иттер кейбір сөздердің мағынасын түсінетінін дәлелдеді

Тәжірибе барысында ит иелері ойыншықтардың атын айтып, сосын көрсетіп, үй жануарына беріп, кейде әдейі қателесетін. Мысалы, олар допты сүйек деп атады.
Қорытынды көрсеткендей, иттердің миы ойыншықтардың дұрыс және дұрыс емес атауларына басқаша реакция танытты. Зерттеуде инвазивті емес электродтар қолданылды.
«Егер ит затты білдіретін сөздің мағынасын шынымен түсінетін болса, онда ол дәл сол нысанды көреді деп сендік. Ал егер иесі басқа затты көрсетсе, онда иттің миында таңқалу реакциясы пайда болады. Дәл солай болып шықты», - деді Этвош Лоранд университетінен зерттеуші Марианна Борош.
Ғалымдардың айтуынша, иттер де адамдар сияқты заттың атын естігенде оның «психикалық бейнесін» елестетеді.
Фото: ашық дереккөз