Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бай адамдар ақылды бола ма? – Ғалымдар зерттеуі

Бай адамдар ақылды бола ма? – Ғалымдар зерттеуі

Швед ғалымдары қызықты зерттеу жүргізіп, ең бай адамдардың бәрі ақылды емес екенін дәлелдеді.

Адамның мінезі, дағдысы, ақыл-ойы немесе интеллектісі: табыстың немен өлшенетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе? Жаңа зерттеуде ғалымдар табысқа жетудегі шешуші фактор ретінде адам интеллектісіне назар аударған.

Интеллекттің нақты анықтамасы жоқ, бірақ когнитивтік әдеттерге мыналар жатады: есте сақтау, зейін, қабылдау, әрекет, шешім қабылдау, қиял және логикалық ойлау.

Ең бай адам ең ақылды адам емес

Линчепиг университетінің ғалымдары 60 000-ға жуық адамның когнитивті әдеттерді (есте сақтау, зейін, қабылдау, шешім қабылдау, қиял және логикалық ойлау) дамытуға арналған тест нәтижесін талдап, оны табысы туралы деректермен салыстырды. Нәтижесінде, ең бай адамдар жағдайы орташа адамдарға қарағанда ақылды емес екенін анықтады. Алайда ең кедей адамдардың когнитивті әдеттері аз дамығаны белгілі болған.

Интеллект деңгейі мен жалақы арасындағы тығыз байланыс белгілі бір шекке дейін ғана болатыны анықталды. Мысалы, жылына 60 000 – 4,5 миллион еуро. Содан кейін елеусіз күйде қалады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, адамдардың 1%-ға жуығы когнитивтік қабілеттеріне қарамастан өте жоғары табыс таба алатын болып шықты. Яғни, олардың жетістігі ақылмен емес, басқа нәрсемен байланысты болуы мүмкін.

Кейінгі кезде жалақы теңсіздігінің артып бара жатқаны жайлы көп талқыланып жүр. Бірақ, зерттеу көрсеткендей, швед азаматтарының көпшілігі жеке когнитивтік қабілеттеріне сай жалақы алады.

Дегенмен уақыт өте келе жағдай өзгеруі мүмкін. Батыс елдерінде жалақы тұрақты өсіп жатқандықтан, табыстың артуы когнитивтік қабілетке байланысты емес дейді зерттеушілер. Яғни, жалақы мөлшері адамның ақыл-ойына байланысты болмайды.

turkystan.kz
23 маусым 2023 ж. 223 0