Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда наразылық басылмай тұр

Грузияда наразылық басылмай тұр

Тбилисиде шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсы қарсылық басылмай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде сегіз адам зардап шеккен. Сондай-ақ наразылыққа шыққандар парламенттің ғимараты аумағына апаратын жолды қоқыстарға толтырған.
Белгілі болғандай, елде заң жобасына қарсы шыққандардың әрекетіне байланысты қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланды.
Одан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары митингке шыққандар полициямен қақтығысып, қолдарына түскен затты лақтырып жатқанын жазуда. Тәртіп сақшылары оларды парламент ғимаратынан алшақтату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.
Бұған дейін, Грузия парламенті 1 мамырда екінші оқылымда шетелдік агенттер туралы заң жобасын мақұлдағаны айтылған. Заңға 83 депутат дауыс берсе, 23-і қарсы шыққан. Үшінші оқылым 17 мамырға жоспарланған.

Фото: ашық дереккөз 


02 мамыр 2024 ж. 611 0