Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иранда наразылықтар күшейді

Иранда наразылықтар күшейді

Иранда 22 жастағы Махса Аминидің қазасына байланысты жаппай наразылықтар басталды. Жергілікті моральдық полиция Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимеуіне байланысты ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Махса Амини 13 қыркүйекте ұсталып, 16 қыркүйекте аурухана төсегінде жан тапсырды. Осыған байланысты Тегеран мен елдің көптеген провинцияларында жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Ел астанасындағы Эбузер бульварында демонстранттар жолдағы кедергілерді өртеуге тырысқан. Жергілікті полиция наразылық білдірушілерді тарату мақсатында көзден жас ағызатын газ бен таяқшаларды қолданғаны хабарланды.

Тегеранда наразылық білдірушілер Рей кварталындағы Ислам революциялық Сақшылар корпусының бір пунктіне шабуыл жасады деген ақпарат тарады.

Ғаламтор қолданушылары жариялаған бейнероликтерде атыс пен жарылыстың дыбыстары естілген.

Мазендеранның Солтүстік провинциясындағы Бушер қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үкіметке қарсы ұран айтқан демонстранттарға қарсы күш қолданды.

Иранның ресми IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мазендеранда 450 адам қамауға алынды.

Бір күн бұрын елдің солтүстігіндегі Гилян провинциясында 739 адам, оның ішінде 60 әйел ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Азизиолла Малеки мәлімдеді.

Соңғы екі күнде шеруге шыққан ондаған студент қамауға алынды.
26 қыркүйек 2022 ж. 504 0