Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер наразылыққа шықты

Мұғалімдер наразылыққа шықты

Брюссельде мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлері алаңға шығып, сала бюджетінің қысқартылуына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.

Демонстранттар «Бельгиядағы наразылықтар жақын арада бүкіл Еуропаға таралады» деп ескертті. Коронавирустың өршуі ұлттық білім беру реформасы тудырған мәселелерді ушықтырды.
Бельгия үкіметі мұғалімдерге жұмыс уақытын ұзарту, компьютерлендіру және сынып санын көбейту сияқты күрделі тапсырмалар берді.
«Біз бұдан әрі шыдай алмаймыз. Біз оқушыларға барымызды саламыз, ұзақ уақыт компьютердің алдында отырамыз. Ауырып сабақтан қалу мәселелерін біз шешеміз, осының бәрінен шаршадық», дейді наразылық білдірген мұғалімдер.
Валлония және Брюссель федерациясында мұғалімдердің соңғы көтерілісі 2011 жылы өткен. Бұл жолы наразылық білдірушілер қатары артып, барлық кәсіподақтар да оларды қолдап отыр. Көптеген мұғалімдер оқу бағдарламасының нашар орындалуына, оқу жоспарының шектеу шаралары салдарынан үнемі үзілуіне байланысты оқу үлгерімінің төмендеуі үшін жауапкершілікті алғысы келмейді.
Жағдай осылай жалғаса беретін болса, бельгиялық мұғалімдер, әсіресе Валлонияда, жақсы жаққа өзгерістер жасау үшін ЕО-ның басқа елдеріндегі әріптестерімен одақ құруға ниетті екендерін білдірді. Олардың тағы бір ұраны: «Мектеп – болашаққа салынған инвестиция».
11 ақпан 2022 ж. 549 0