Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда жер сілкінді

Қытайда жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,8. MPV Магнитудасы 4.0.

Жер сілкінісінің координаттары – 43,55° с.б. 82,12° ш.б. Тереңдігі – 10 км, - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.

Сурет: ашық дереккөзден 
22 мамыр 2024 ж. 711 0