Алматы маңында тағы жер сілкінді

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуірде Алматы уақыты бойынша 4 сағат 20 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді», делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде, дәлірек айтқанда Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.
MPV магнитудасы – 4,1.
Жер сілкінісінің координаталары – 41,58° солтүстік. 81,84° шығыс.
Тереңдігі – 10 км.
Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
Фото: egemen.kz