Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » YouTube каналының бұрынғы басшысы өмірден озды

YouTube каналының бұрынғы басшысы өмірден озды

YouTube арнасының бұрынғы бас директоры Сьюзан Войчицки 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол соңғы екі жыл онкологиямен күрескен. Бұл туралы ТАСС жазды.  

    Қатерлі ісікпен екі жылғы күрестен кейін бізді тастап кеткен менің қымбаттым Сьюзан Войчицкидің өлімі қабырғамды қайыстырды. Ол әлемге ықпал ете білген өте жақсы адам болды, көшбасшы, дос бола білді. Мен оны танып-білгелі жақсы адамдар санатына қосылған Google компаниясының сансыз қызметкерлерінің бірімін, - деді Google басшысы Сундар Пичаи в Х (Twitter) парақшасына қалдырған жазбасында.

Сьюзан Войчицки YouTube-ке 2014 пен 2023 жылдар аралығында тоғыз жыл басшылық еткен. Басшылық қызметтен кетсе де, Google-дың құрамындағы 2006 жылы YouTube сатып алған Alphabet холдингінің  консультанты болып қызмет атқарған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
11 тамыз 2024 ж. 135 0