Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 жыл бойы қатерлік ісікпен күрескен әлемге әйгілі әнші қайтыс болды

11 жыл бойы қатерлік ісікпен күрескен әлемге әйгілі әнші қайтыс болды

Әлемге әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Мash Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлады.

Тото кеше сағат 16:00 шамасында Миландағы Сан-Раффаэле ауруханасында қайтыс болды. Әнші 80 жаста еді.

11 жыл бұрын Тото Кутуньоға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Әртіс күрделі ота мен ұзақ химиотерапия курсынан өтті.

"Ұзақ уақытқа созылған сырқаттан кейін соңғы айларда әншінің халі асқынып кетті", - дейді әншінің менеджері Данило Манкузо.

Италиялық әнші L'italiano, Serenata, Donna Donna Mia, Innamorati әндерімен көпшіліктің есінде қалды.



Тото Кутуньоның музыкалық білімі болмаса да, ол миллиондардың кумиріне айналды. Оны жанкүйерлері де әнді фонограммасыз айтқаны үшін жақсы көрді.

23 тамыз 2023 ж. 130 0