Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Африкада Mpoх эпидемиясы өршіп тұр

Африкада Mpoх эпидемиясы өршіп тұр

Африкада Мрох вирусы (маймыл безгегі) таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл вирустың құрылымы кәдімгі безгекке қатты ұқсас.

Қазірдің өзінде Мрох вирусы Африка құрлығының 13 елінде таралған. Ал эпиджағдай негізінен Конго Демократиялық Республикасында ушығып тұр.

Құрлыққа бұл вирусқа қарсы әзірленген вакцинаны жеткізу қиындығы COVID-19-ға теңбе-тең эпидемияның төну қатерін күшейтуде.

Африкадағы ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының (Africa CDC) жариялаған есебі бойынша жыл басынан бері вирусты 2822 адам жұқтырса, 14 179 күдікті жағдай тіркелген. 517 адам аталған дерттен көз жұмғаны айтылды.

Вирус алғаш рет адамдар арасында 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында анықталған.

Сурет: baq.kz
14 тамыз 2024 ж. 276 0