Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Африка мемлекетінде Эбола вирусы тарап жатыр

Африка мемлекетінде Эбола вирусы тарап жатыр

Африканың батысында орналасқан Кот-Д'Ивуар республикасында Эбола қызбасын жұқтыру дерегі тіркелді. 

ДДСҰ таратқан мәліметі бойынша бұл 25 жыл ішіндегі алғашқы жағдай, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жергілікті дәрігерлер Эбола вирусы тудырған аурудың барын растап отыр. Абиджан қаласының ауруханасына түскен науқастардың қан талдауында вирустың үлгісі болған. Дерт жұқтырған адам Гвинеядан келгені анықталды.
Кот-д'Ивуар Денсаулық сақтау министрлігі 1994 жылдан бері елде Эболаның алғашқы жағдай екенін растады. Пастер институты Гвинеядан келген науқастың Эбола вирусы тудырған ауруға шалдыққанын анықтады, - делінген ДДСҰ баспасөз хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған республикаға аурудың таралуының алдын алу мен инфекцияның жергілікті профилактикасын күшейту үшін сарапшылар тобын жіберуге ниетті.
Эбола геморрагиялық қызбасы деген атаумен белгілі індет адамдар үшін өлімге әкелу қаупі жоғары ауыр дерт. Вирус жабайы жануарлардан адамдарға жұғады. Эболадан өлім-жітімдіктің орташа коэффициенті 50%-ды құрайды. Вирус алғаш рет 1976 жылы Заирде орналасқан Эбола өзенінің жағасында анықталған.
Еске сала кететін жайт, биыл геморрагиялық қызбаның жайылуы Конго Республикасында тіркелген болатын.

baq.kz
15 тамыз 2021 ж. 309 0