«Дельта» вирусы әлемді жайлай бастады
«Дельта» вирусы әлемді жайлай бастады. Бұрын-соңды болмаған COVID-19 деңгейі Францияның мұхиттағы департаменттерінде байқалды. Гваделупа мен Мартиникада реанимация бөлімшелерінде орын жоқ. Билік туристерден аралдардан кетуді сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, Финляндияда пандемия басталғаннан бері ең жоғары аурудың тәуліктік максимум тіркеледі. Науқастардың 90% «дельта» штамын жұқтырған. Негізінен вакцинацияланбаған 20-30 жас аралығындағы азаматтар ауырған. Сондай-ақ, Австрияда вакцинация процесі Сент-Степанның соборындағы органның сүйемелдеуімен өтті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар тұрғындардың мұндай көп көлемінің вакцинациялауға келуін күтпеген.
Оңтүстік Кореяда аурудың күрт өсуі тіркелді. Күніне 2000-нан астам вирус жұқтырған тұрғын тіркелуде, бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғары көрсеткіш.
Дәрігерлер бұл көрсеткіштер демалыс күндерінен кейін күрт артады деп қауіптенеді – жексенбіде ел тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Косово билігі бір күнде анықталған коронавирус тасымалдаушыларының рекордын жариялады. Ұлттық денсаулық сақтау институты 1009 жағдай туралы ақпар берді. Көбісі «дельта» штамымен ауырған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Косовода пандемия басталғаннан бері инфекцияның 112 653 жағдайы анықталды, 2 273 адам COVID-19 асқынуынан қайтыс болды. Косово тұрғындары Pfizer және AstraZeneca вакциналарына қол жеткізе алады.