Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей бензин экспортына тыйым салу мерзімін ұзартты

Ресей бензин экспортына тыйым салу мерзімін ұзартты

Көршілес ел бұл шешімді отын нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіріп отыр.

Ресей бензин экспортына тыйым салу мерзімін ұзарттыФото: azertag.az
Ресей үкіметі бензин экспортына тыйым салу мерзімін 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тиісті шешім мұнай өңдеу зауыттарында сақталатын маусымдық сұраныс пен жоспарлы жөндеу кезеңінде отын нарығындағы тұрақты жағдайды сақтау мақсатында қабылданды", - делінген Ресей үкіметінің Telegram-каналында.

Ақпаратта көрсетілгендей, бұл шектеудің халықаралық үкіметаралық келісімдер аясындағы жеткізілімдерге, жеке пайдалануға немесе халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін әкетілетін отынға қатысы жоқ.

Ресейде бензин экспортына уақытша тыйым 1 наурыздан 31 тамызға дейін енгізілген болатын. Алайда мамыр-шілде айларында бұл шара тоқтатылды. Осыған дейін билік бензин экспортына 2023 жылдың күзінде шектеу қойды.

Ақпарат көзі: inbusiness.kz
Сурет: kaz.inform.kz
15 тамыз 2024 ж. 188 0