Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Америкалық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті. Бұл нәтиже Tesla акцияларының ішінара үздіксіз өсуіне байланысты. Сондай-ақ Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі бизнесменді саяси алаңға алып келді.
Маск алдыңғы рекордын 2021 жылдың қарашасында орнатқан. Ол кезде оның байлығы – 340,4 миллиард доллар болған.Ал екінші орынды 219 миллиард доллармен Джефф Безос иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленген еді.