Жарты миллион доллар тапқан азамат ақшаны қайтарып, марапаттан бас тартты

Жолда келе жатқан Хосе Санчес ер адамның телефонмен сөйлесіп келе жатып, көлігіне отырғанын көреді. Бірақ ер адам сөмкесін көшеде қалдырып кеткен. Санчес оны қуып жетпек болған, бірақ тоқтата алмаған. Сөмкенің ішінен ол жарты миллион доллар тапқан. Ер адамның сөзінше, ол өмірінде мұнша көп ақша ұстап көрмеген. Өзі отбасымен пәтер жалдап тұрады екен. Сондай-ақ тұрақты жұмысы жоқ.
Алайда Санчес ол ақшаны өзіне қалдырмай, жергілікті радиоға хабарлаған. Ақшасын алуға келген кәсіпкер ер адамға алғыс ретінде 25 мың доллар немесе пәтер ұсынған, алайда жігіт мұндай сыйдан бас тартқан. Кәсіпкер оған жоғалған ақшаға ашылатын туристік мекемеде жұмыс ұсынған. Бұл әрекетінен кейін Санческе көптеген ұсыныстар түскен. Ер адам жұмыс істеуден қорықпайтынын хабарлаған. "Ертең бояумен айналыссам, күндіз наубайшы болып істеймін", - дейді Хосе Санчес.
ernur.kz