Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сирияның кейбір қалаларында коменданттық сағат енгізілді

Сирияның кейбір қалаларында коменданттық сағат енгізілді

Коменданттық сағат Дамаскіде және аттас провинцияда, сондай-ақ Сирияның Латакия және Тартус қалаларында енгізіледі, деп жазады ТАСС.

Оның мәліметінше, бұл шешімді қарулы оппозициялық құрылымдар «қолбасшылығы» қабылдады, шектеулер жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ден 05:00-ге дейін қолданылады. Режимді бұзғандарға бір ай бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңа билік Сирия азаматтарын «ынтымақтастыққа және коменданттық сағатты бұзғандар туралы хабардар етуге» шақырды.

27 қарашада қарулы оппозициялық құрылымдар Алеппо мен Идлиб провинцияларында Сирия армиясының позициясына үлкен шабуыл жасады. 7 желтоқсан күні кешке қарай олар бірнеше ірі қалаларды (Алеппо, Хама, Дераа және Хомс) басып алып, 8 желтоқсанда Дамаскке кірді, Сирия үкімет күштерінің бөлімшелері қаладан кетті. Сирия үкіметінің басшысы Мұхаммед Ғази Әл-Жалали республикада билікті бейбіт жолмен беруге дайын екенін білдірді. Ресей СІМ мәлімдемесінде айтылғандай, Башар Асад Сирия президенті қызметінен кетіп, билікті бейбіт жолмен беру туралы нұсқау беріп, елден кетті.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды

09 желтоқсан 2024 ж. 219 0