Грекияға саяхаттайтын туристерге ескерту жасалды
Грекияның әйгілі туристік Санторини аралында жоғары жанартау белсенділігі байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ABC News таратқан ақпаратқа сәйкес, бұған алаңдаған елдің азаматтық қорғаныс министрін апатты жағдайға әрекет ету қызметтеріне жиналыс өткізуге мәжбүр болған.
Грекияның климаттық дағдарыс және азаматтық қорғаныс министрлігі құрылғылар Санториниде «шекті сейсмо-жанартаулық белсенділікті анықтағанын мәлімдеді. Мұндай белсенділік өңірде 2011 жылы байқалған. Ол кезде бұл құбылыс ешқандай проблема тудырмай, 14 айға созылған.
Ғалымдардың айтуынша, қазіргі уақыттағы жағдайды негізге ала отырып, алаңдауға негіз жоқ, - деді ведомстводан.
Жарты ай пішіндес Санторини аралы Грекиядағы ең танымал туристік бағыттардың бірі болып саналады. Ол туристер арасында аппақ үйлері және көгілдір күмбезді шіркеулерімен танымал.
Ескеретін жайт, арал қола ғасырында, біздің дәуірімізге дейінгі 1620 жылдары адамзат тарихындағы ең ірі жанартау атқылаған орындардың бірі ретінде белгілі. Сол кезде аралдың көп бөлігі жойылып, Санторинидің қазіргі пішіні қалыптасқан.
Сурет: baq.kz