Зейнеткер түрмеде «тегін» өмір сүру үшін қасақана қылмыс жасаған
Акиё есімді 81 жастағы жапондық кейуана ұрлыққа түсіп, ең үлкен әйелдер түрмесіне тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықтала келе бұл оның екінші қылмысы болып тіркелген. Бірінші рет Акиё 60 жасында дүкеннен тамақ ұрлаған. Жалғыз зейнетақығы өмір сүру қиындап кеткеннен кейін, кейуана қылмысын қайталаған екен.
«Тұрмыс тауқыметін тартпай, өз қолым өз аузыма жеткенде мұндай іске мүлде бармас едім», дейді зейнеткердің өзі.
Бұған дейін ол 43 жастағы ұлымен тұрып келген. Кейін баласы анасын үйден қуып жіберген көрінеді.
Айта кетейік, Жапонияда егде жастағы әйелдердің қылмысқа баруы соңғы жылдары өзекті мәселеге айналды. Мысалы, 2022 жылы елдегі түрмелерде отырған егде жастағы әйелдердің 80%-дан астамы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Елдің Ұлттық полиция агенттігінің мәліметінше, 65 жастан асқан адамдардың қылмыс жасау көрсеткіші айтарлықтай артқан. Олардың көбісі ұрлық сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарға барады.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай