Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денесін белгісіз мақұлық тістеп жұлып алған акуланың 100 келілік басы табылды

Денесін белгісіз мақұлық тістеп жұлып алған акуланың 100 келілік басы табылды

Мако акуласы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында тіршілік етеді. Жыртқыштың ұзындығы 4,5 метрге дейін, ал салмағы 800 келіге жетуі мүмкін.
Аустралия жағасында балықшылар ірі мако акуласының тістелген басын тапты. Оның суреті Facebook және Instagram желісіндегі Trapman Bermagui парақшасында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ер адамдардың айтуынша, акула қалдығы 100 келіге жуық тартқан. "Өкінішке қарай, біз оны кім жегенін көргеніміз жоқ, бірақ оның көлемі үлкен болғаны көрініп тұр", - делінген суреттің сипаттамасында.

Бастың ішінен жыртқыш марлин балығының сүңгісі табылған. Мако акуласы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында тіршілік етеді. Жыртқыштың ұзындығы 4,5 метрге дейін, ал салмағы 800 келіге жетуі мүмкін. 
ernur.kz
02 сәуір 2019 ж. 1 542 0