Хельсинкиде қазақ боксшылары бес алтын медаль алды
АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан Gee Bee турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады prosports.kz.
Аталған турнирдің финалына алты қазақстандық боксшы шыққан еді. Қазақ жанкүйерлерінің қуанышына орай, сол алты арланымыздың бесеуі алтын жүлдеге қол жеткізді. Тек жеңіл салмақта бокстасқан Олжас Байниязов күмісті қанағат тұтты.
Әрі қазақстандық боксшы Василий Левит турнирдің үздік боксшысы деп танылды.
Осылайша, қарт құрлық төрінде қазақ батырларына тең келер былғары қолғап шеберлері жоқ екені тағы бір мәрте дәлелденді.
52 келіге дейін
Олжас Байниязов — Биллал Биннаман (Франция) — 1:4
56 келіге дейін
Қайрат Ералиев — Нандор Сока (Венгрия) — 5:0
69 келіге дейін
Абылайхан Жүсіпов — Харрис Акбар (Англия) — 5:0
81 келіге дейін
Бек Нұрмағамбет — Артем Агеев (Ресей) — Бек бірінші раундта нокаутпен ұтты.
91 келіге дейін
Василий Левит — Константин Пинчук (Украина) Левит жеңді.
91 келіден жоғары
Қамшыбек Құңқабаев — Соломон Дакрос (Англия) — 5:0