Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерінде орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сианға тікелей рейстер ашпақ. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.
Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Сурет: baq.kz