Коста-Рика көшуге ең оңай ел болып танылды

Зерттеуге әлемнің 53 елінен кем дегенде 50 экспат қатысты. Коста-Рикаға көшкен адамдардың көпшілігі (83 пайызы) өздерін үйіндегідей сезінетінін және өте жақсы қарсы алғанын айтты (88 пайыз).
Респонденттердің басым көпшілігі жергілікті мәдениетке бейімделу өте оңай екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан шетелдіктер жергілікті тұрғындарды әлемдегі ең қонақжай деп санайды.
Индексте екінші орынды «дос табу» санатында көш бастап тұрған Мексика иеленді. Осы санат аясында шетелдіктер өздерінің әлеуметтік өмірлеріне қаншалықты қанағаттанғандары, жаңа елде достар тапқан-таппағаны және жергілікті халық арасында жаңа таныстар табу қаншалықты оңай екендігі бағаланды.
Үздік үштікті Филиппин аяқтады. Бұл ел сауалнамадағы факторлардың ешқайсысында 6-орыннан төмен түскен жоқ.
Экспаттардың көшуі ең қиын елдер – Кувейт, Норвегия және Германия.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Wikipedia
https://kaz.inform.kz/news/kosta-rika-koshuge-en-onay-el-bolip-tanildi-7e4b64/