Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футзалдан әлем чемпионаты басталады

Бүгін футзалдан әлем чемпионаты басталады

Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады. Дүбірлі додада барлығы 24 құрама бақ сынайды.
Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.
Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Одан кейін 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.
Өзге топтарда құрамалар төмендегіше бөлінген:
В тобы: Өзбекстан, Гватемала, Ресей, Египет;
С тобы: Таиланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;
D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;
E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;
F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран;
Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады.
Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.
12 қыркүйек 2021 ж. 768 0