Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды inform.kz.
Әлем чемпинаты элиталық сатысы топтық кезеңіндегі соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы Чехияны жеңді. Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан ойын тізгінін қола алды. Нәтижесінде небәрі төрт минут ішінде қарсылас қақпасына үш голғып үлгерді. Алғашқы екі голды 3 және 4-минуттарда Дуглас Жуниор соқса, сол 4-минутта Тайнан есепті үстемелей түсті. Ал екінші кезеңнің 23-минутында Дуглас Жуниор хет-трик жасады. Ойынның 36-минутында чехтар бір гол соқты. Қазақстандық ойыншы Тайнан 38-минутта бос қақпаға гол соғып кетті. Ойынның бітуіне 28-секунд қалғанда чехтар тағы бір мәрте мергендік танытты. Кездесуде Қазақстан Чехияны 5:2 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алып отыр.
Әлем чемпионаты элиталық сатысы топтық кезеңінде бірінші орын алған Португалия, Испания, Ресей құрамалары финалдық сатысына тікелей жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 қыркүйек - 4 қазан аралығында Литвада өтеді. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топта жеңімпаз атанған төрт құрама турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал өз тобында екінші орын алған төрт құрама қосымша екі жолдаманы сарапқа салады. Мұндай мүмкіндікке Финляндия, Сербия, Хорватия және Чехия құрамалары ие болып отыр.
06 ақпан 2020 ж. 860 0