Дзюдодан әлем чемпионаты. Үшінші жарыс күні сәтсіз аяқталды

Әзірге Қазақстанның қоржынында жалғыз медаль бар. Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Елдос Сметов үшінші орын үшін болған кездесуде Ғұсман Қырғызбаевты ұтып, қола медальді жеңіп алды.
Айта кетерлігі, Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан Токио татамиінде 16 дзюдошы бақтарын сынайды. Әлем біріншілігі қыркүйектің 1-іне дейін жалғасады.
https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/58403/