Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Алғашқы матч 2022 жылдың 21 қарашасында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Әл-Хаур "Әл Бейт" стадионында болады. Топтық кезең матчтары 2 желтоқсанға дейін созылады. Плей-офф күнтізбесі мынадай:
1/8 финал 3-6 желтоқсанда;
Ширек финалдар 9-10 желтоқсанда;
Жартылай финалдар 13-14 желтоқсанда;
3 орын үшін жарыс 17 желтоқсанда;
Финал 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.