Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар желтоқсан айында 12 күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында 12 күн демалады

2019 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар қосымша үш демалыс күнін күтеді, деп хабарлайды stan.kz 

Жалпы, республика тұрғындары жылдың соңғы айында 12 күн демалады.
1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні. Бұл күн жексенбіге келеді, сондықтан демалыс күні 2 желтоқсанға ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар 1 және 2 желтоқсанда демалады.
16 және 17 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіде түседі.
30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. Қазақстандықтар Жаңа жылды екі күн - 1 және 2 қаңтарда (сәрсенбі және бейсенбі) тойлайды.
04 қараша 2019 ж. 1 060 0